• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қазан, 2020

«Монополист» базасы мүмкіндіктерді кеңейтеді

431 рет
көрсетілді

Цифрлы даму дәуірінде уақыт жаңа технологиялар­ды ұс­та­нуды талап етеді. Қазақ­стан­ның ақпараттық технология­лар саласындағы барлық жаңалық­тан қалыс қалмауға тырысатыны құпия емес. Бұл арада тариф белгілеуді бақылау сияқты мем­ле­кеттік реттеудің әлеуметтік маңызы бар саласы да шетте қалып қоймасы анық.

2018 жылы тарифтік жә­не ба­­ғалық реттеу шең­берінде ақ­па­рат беруге байланысты биз­нес­­тің шы­ғындарын төмендету мақ­сатында Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұ­тынушылардың құ­қық­тарын қорғау комитетінің (қай­та ұйым­­дастыруға дейін) қыз­мет­терін «Мо­нополист» ба­за­сының жаңа сервистік бағ­дар­ламалық өнімі (Табиғи, мем­ле­кеттік монополия­лар жә­не қо­ғамдық маңызы бар на­рықтар су­бъектілерінің ақ­­па­рат, хабар­ламалар және есеп­­­ті­лік­те­рі­нің электрондық де­рекқоры) арқы­лы ав­то­мат­тан­дыру жүзеге асырылды.

«Монополист» базасы құрыл­ғанға дейін табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар су­бъектілері барлық негіздеуші материалдармен бірге өті­німдер мен есептерді қа­ғаз тү­рінде үлкен көлемде бер­ді жә­не талаптарға сәйкес бар­лық құжат­тар тігілуі, нө­мірленуі және т.б. болуға тиіс еді. Уәкілетті органға құ­жаттарды ұсынудың бұл түрі көп еңбекті қажет ете­тін және шығыны көп бол­ды. Бірақ, ең бастысы, бұл құжаттарды уәкілетті ор­ган­ның субъектілері мен қыз­меткерлері ғана көрді.

«Монополист» базасын құ­ру­дың мақсаты – та­риф­терді қа­­лып­тастырудың ашық­тығын қам­тамасыз ету, яғни енді интернетке қол­жетімділігі бар кез келген адам https://www.bazamonopolist.gov.kz сілтемесі бойынша барлық құжаттарды ашып, зерттей алады және өңір немесе субъектінің атауы бойынша монополист уәкілетті ор­ганға ұсынатын кез келген өті­­німдерді, есептерді немесе ақ­па­ратты қарай алады.

Бүгінгі таңда базада 1 229 мо­но­полист тіркелген, олар «Мо­но­полист» базасы арқылы ко­ми­­теттің қарауына 29 мыңға жуық құжат берген. Сонымен қатар Монополист базасының мүм­кіндіктерін жетілдіру жә­не кеңейту бойынша жұмыс жал­ғасуда. Биыл маусым айында Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минис­тр­лігі «Монополист» базасын да­мытуды жобалауға арналған тап­сырманы бекітті. Болашақта деректерді цифрлау және мемле­кеттік де­рек­қорлармен интеграциялау арқылы Дерекқордың жаңартылған нұсқасы осын­­дай процестерді авто­мат­тандыруға мүмкіндік береді. Мәліметтерді цифрланды­ру және мемлекеттік мәлі­мет­тер базасын бірік­ті­ру арқылы жасалған база­­ның жаңа нұсқасы төмен­дегідей қызметтерді авто­мат­тандыруға мүмкіндік береді: монополистер тізілімін жүр­­гізу; тарифтік сметалар­ды және инвестициялық бағ­дарламаларды және оның орындалуы жөніндегі есеп­терді бекітуге арналған өті­­нім­дерді қарау; субъек­тілер­дің ин­женерлік же­лі­леріне қосуға тұ­тыну­шы­лардың өтінімдерін өң­­деу және қосылуға техникалық ­шарттарды беру; деректерді талдау жә­не болжау.

Сонымен қатар жаңар­тылған база белгілі бір деректерді онлайн-ре­жім­­де өзектендіруге мүм­кіндік береді. Мысалы, монопо­лис­тердің мемлекеттік тіркелімі оны қосқан және алып тас­таған кезде автоматты түрде өзектендірілетін болады.

«Электрондық мемле­кет­­тік сатып алу» пор­талымен және монополистер сатып алуды жүргізетін элек­трондық алаңдармен интег­рациялау комитетке та­рифтік сметада және инвес­тициялық бағдарлама­да сатып алу деректерін онлайн-ре­жімде салыстырып тексеруге мүмкіндік береді. «Монополист» базасын дамыту тариф белгілеу са­ласындағы процестер­ді авто­мат­тандыру және ашық­тық мүм­кін­діктерін ке­ңейтеді.