• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2013

Батыр баба рухына арналды

400 рет
көрсетілді

Елордадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Біз – Махамбет ұрпағымыз» атты қалалық байқауда топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау оқушылар сарайы­на батыр, ақын бабамыздың аты берілгеніне 10 жыл толуы құрметіне орайластырылыпты.

Елордадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Біз – Махамбет ұрпағымыз» атты қалалық байқауда топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау оқушылар сарайы­на батыр, ақын бабамыздың аты берілгеніне 10 жыл толуы құрметіне орайластырылыпты.

Үш номинация бойынша өткізіл­ген байқаудың «Бабадан қалған ұрпақпыз» сынында 37 оқушы ақын өмірінен прозалық жанрда шығарма, эссе жазып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде бірінші орынды №40 орта мектеп оқушысы Бағнұр Мейрамбеков иеленді. Екін­ші жүлдені №6 мектеп гимназия оқушысы Айым Меңдібаева мен №38 мектеп лицейінің оқушысы Елдар Бітібаев өзара бөліссе, үшінші сыйлыққа №20 орта мектебінің оқушысы Марал Нұрахметова мен №1 мектеп лицейінің оқушысы Карина Смағұлова лайық деп танылды.

«Бабадан қалған нақыл сөз» номинациясында 75 талапкер ақын өлеңдерін жатқа айтып сынға түссе, олардың ішінде №48 мектеп гимназиясының оқушысы Рауан Әбдуалидың бағы жанып, бас жүлдені иеленді. Бірінші орын №67 мектеп лицейінің оқушысы Нұрбол Көкеновке бұйырды. Ал екінші орынды №21 орта мектеп оқушысы Зарина Ахметова мен №40 орта мектеп оқушысы Нұрмұхаммед Жәрдембек еншілесе, үшінші жүлделерді№56 мектеп лицейінің оқушысы Тоғ­жан Оразаева мен №4 мектеп гимназиясының оқушысы Зүлфайдар Мұхаммед иеленді.

«Батырға арнау» шарты да талап­керлердің талпынысын күшейткендей. Мұнда 35 үміткер – жас ақындар поэзиялық жанрда Махамбет батырға арнаған жүрекжарды өлеңдерін ұсынды. Бұл сында №69 мектеп гимназия оқушысы Таңнұр Алболсын бірінші орын иегері атанса, екінші орынды №40 мектеп оқушысы Елдос Әнікей иеленді. Үшінші орынға тағайындалған жүлдені №4 мектеп гимназия оқушысы Іңкәр Қажыбек пен №65 мектеп гимназия оқушысы Санжар Таменов олжалады. Сонымен қатар, байқауға қатысқан бірқатар өрендер арнайы дипломдармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарының үздік шығармалары «Батыр бабам Махамбет» атты жинақта жария­ланбақ.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар