• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2013

Филиппиндегі «Хайян» тайфуны 100-ден аса адамның өмірін қиды

322 рет
көрсетілді

Филиппин мемлекетінде орын алған «Хайян» тайфуны 220 мың халқы бар Таклобан қаласының тас-талқанын шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Бүгін Филиппиннің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігі апат салдарынан 100-ден астам адамның қаза болғанын мәлімдеді.

Алапат тайфунның қауіпінен Филиппин мемлекетінде жалпы 1 миллионнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дауыл эпицентріндегі желдің жылдамдығы сағатына 275 шақырымды құрап, ал екпіні күшейген кезде сағатына 310 шақырымға дейін жетуде. Апат аймағындағы теңіздің толқындары 6 метр биіктікке дейін көтерілген.

Табиғи апаттың негізгі салмағы Филиппин орталығындағы Самар мен Лейте аралдарына келіп түсті. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл аймақтарда электр желісі толығымен үзілген. Сондай-ақ бірқатар көлік пен теміржол қозғалыстары тоқтап, 450-ден аса әуе сапары кейінге қалдырылған.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар