• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2013

«Әлем кеңістігі-2013» өзінің үздігін таңдады

250 рет
көрсетілді

Кеше, 9 қараша күні түнде Мәскеуде мәреге жеткен «Әлем кеңістігі-2013» («Мисс Вселенной-2013») жер шарының ең сұлу бойжеткенінің есімін аныықтады. Бұл атаққа Венесуэла сұлуы лайықты деп табылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Венесуэла өкілі Габриэла Ислер өзі секілді 85 елдің үкілі үміттерін басып оқып, «планетаның ең сұлу қызы» деген атаққа қол жеткізді.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Эквадор, Бразилия, Испания, Филиппин қыздары енді. Ал ТМД елдері ішінде Украина сұлуы алда болды. Бірақ оның өзі алғашқы ондықтан әзер табылды. Қалған республикалар қыздары финалдық ондыққа да кірген жоқ.

Конкурсқа қатысқан осы қыздардың бірқатарын сіздер біздің сайтымыздағы фоторепортаж блогында орналасқан «Әлемнің ең сұлу қыздары» атты материалдан көре аласыздар.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар