Женевадағы «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздердің кезекті кезеңі нәтижесіз аяқталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Келіссөз барысында тараптар ешқандай келісімге келген жоқ. Жиынға қатысқан сыртқы істер министрлері Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жұмыстардың кезең-кезеңдерге бөлініп жүргізілетінін айтты. Женевадағы келесі басқосу 20 қарашаға жоспарланды.
«Франция әуелден бастап Тегеранның ядролық қаруы мәселесіне қатысты келісімге келуге ниетті. Женевадағы басқосуда осы мәселенің төңірегінде біраз ой қозғалды. Алайда, нақты бір нәтиже немесе келісімге келе алмадық. Келешекте көптеген сұрақтарды шешуіміз керек», – деді Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.
Айдар Өрісбаев.