Биатлоннан Қазақстан командасы бір айға созылған жаттығу жиындарын аяқтады. Бұл туралы команданың бас бапкері Мақсат Шаранов мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама мүшелері 3 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматы облысының Талғар ауданындағы «Алатау» спорт кешенінде жаттыққан болатын. «Жиын ойдағыдай, өте жоғары деңгейде өтті. Спортшылар карантиннен кейін қалпына келді деп айта аламын. Енді азғантай үзілістен соң, Ресейдің Түмен қаласына барып дайындалсақ деген жоспарымыз бар. Аталған қалада жасанды қар төселгендіктен, жаттығу ыңғайлы болмақ. Бірақ әлі нақты жауапты айта алмаймын. Бәрі елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты болмақ», дейді бас бапкер.
Жаттығу жиындарына жалпы 11 спортшы қатысты.