Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы 2019 жылғы есептерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады.
Айта кетсек, тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны, сондай-ақ есептерді ұсынбағаны үшін 24 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 401 042 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Тұтынушыларға қайтарудың жалпы сомасы 1, 16 млрд теңгені құрайды, соның ішінде кірме жолдар саласында – 9,83 млн; сумен жабдықтау саласында – 72,92 млн теңге; су бұру саласында – 56,77 млн; суды арналар бойынша беру саласында – 42,73 млн; электр энергиясын беру саласында – 22,23 млн; жылумен жабдықтау саласында 954,38 млн теңге есептелген.
Сондай-ақ бүгінде бірқатар табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты тарифтік сметаларды, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны және есептерді ұсынбағаны үшін, тиісті ден қою шаралары қабылдануда.
Алматы облысы