«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы (ПКСК) жабылып, құрамына кіретін спорт клубтарын қаржыландыру тәртібі өзгереді.
Атап айтар болсақ, «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және Astana Pro Team кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырады және енді тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады.
Таратылған ПКСК-ның экс-басшысы Асқар Баталов Samruk-Kazyna Trust қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қызметін жалғастыра береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» ПКСК 2012 жылы спортқа мемлекеттік қолдауды күшейту, Қазақстан мен астананың әлемдік аренадағы оң имиджін нығайту, саламатты өмір салтын насихаттауға және жоғары спорттық жетістіктерді дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған болатын.