• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қазан, 2020

Бірыңғай байланыс орталығынан білесіз

131 рет
көрсетілді

«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаң­ғыр­ту және дамыту орталығы» АҚ Халыққа қызмет көр­сету орталықтарының және 1414 Бірыңғай байланыс орта­­лығының («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­по­­рациясы» КеАҚ) қызметкерлерін оқыту онлайн-семи­нар­­ла­рын өткізді.

Оқыту барысында ХҚКО мен Бірыңғай байланыс орта­лы­ғының 300-ден астам негізгі қызметкерлері «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мә­селелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар ен­гі­зу туралы» 2019 жылғы 26 жел­тоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқын­далған көппәтерлі тұр­ғын үйлерді басқарудың жаңа тетік­те­рін іске асырумен толығырақ танысты.

Семинарларда заңнамадағы жаңа өзгерістердің негізгі аспек­ті­лері таныстырылды. Гра­фи­ка­лық және презен­та­ция­лық Оқу материалдары ұсынылды. Мүлік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) тіркеуге және сол үшін қажетті құжаттар тізіміне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілді.