• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қазан, 2020

Құрлық жарысында бақ сынайды

204 рет
көрсетілді

Шахматтан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары 10 қазанда Азия шахмат федерациясы ұйымдастыратын Азия ұлттары кубогі (Asian Online Nations Cup) жарысына қатысады. Жарыстың жүлде қоры – 20 000 АҚШ доллары.

Азия ұлттары кубогі – Азияның ұлттық құрамалары арасында өткізілетін жылдың ең ірі жарысы саналады. Әр екі жыл сайын өткізілетін биылғы бәсекеге Қазақстан ерлер құрамасынан Ринат Жұмабаев, Рүстем Хуснутдинов, Муртас Қажғалеев, Әнуар Есмағамбетов және Денис Махнев, ал қыз­дар құрамасында Бибісара Асаубаева, Гүліс­хан Нақбаева, Гүлмира Дәулетова, Әсел Серік­бай және Меруерт Қамалиденова бақ сынайды.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Әбу-Даби­де (БАӘ) өткен Азия ұлттары кубогінде қазақстандық шахматшылар классика жарысында құрлықтық біріншіліктің қола медалін жеңіп алды. 2018 жылы Хамадандағы (Иран) додада ерлер құрамасы төртінші орынға, әйелдер құрамасы бесінші орынға табан тіреді.