• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Қазан, 2020

Эшуорт еліне кетті

102 рет
көрсетілді

Футболдан «Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионатында басты қарсыласы – Алматының «Қайрат» клубынан жеңілген соң команданың атқарушы директоры және бас бапкердің міндетін атқарған ағылшын маманы Пол Эшуортпен қоштасты.

«Астана» 4 қазанда Премьер-лиганың 6-турының кейінге қалдырылған матчында «Қайраттан» 0:3 есебімен жеңіліп қалған соң клуб басшылығы Эшуортпен еңбек келісімшартын мерзімінен бұрын бұзуды ұйғарған. Пол елорда клубында 2019 жылдан бастап Атқарушы директор лауазымында жұмыс істеп, соңғы айда бас бапкер міндетін атқарды.

Еске салайық, «Астананы» маусымның басында чех маманы Михал Билек жат­тықтырды. Ол команда Чемпиондар лигасы­нан шығып қалғаннан кейін өз орнын босатқан еді. Содан соң клубтың атқа­рушы директоры Пол Эшуорт бас жаттық­тыру­шының міндетін атқарды.