• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2020

Күзет қызметкерлері 255 заңбұзушылықты құрықтады

684 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында 111 жекеменшік күзет агенттігі бар. Олардың көбі полициямен бірлесе жұмыс істеп құқық тәртібін сақтауға атсалысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрлі дабылдар түскенде жекеменшік күзет агенттіктерінің 36 ұтқыр экипажы оқиға орнына жедел жетеді. Ал дабыл түспегенде олар өздерінің участоктарында патрульдік жұмыстар атқарады.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жекеменшік күзет құрылымдарының көмегімен 255 әкімшілік бұзушылықтар анықталды және 15 ұрлық құрықталды. "Күзет құрылымдарын пайдалану – көптен бері тәжірибеге енгізілген. Бірақ кейбір суыққолдылар күзетшілердің бар екеніне де қарамай қылмыстық әрекеттерге барады. Мәселен, жуырда ғана қаладағы супермаркеттердің бірінде бір суыққолды азаматтың жәшікке тастап кеткен заттарын ұрламақ болды. Оны күзетші дер кезінде құрықтап, полицияға тапсырды. Осындай мысалдар өте көп", дейді СҚО ПД күзет істері бөлімінің бастығы Руслан Данияров.

Жуырда саяжайға түскен бір ұрыларды "Черный ястреб" күзет агенттігінің қызметкерлері құрықтап, қарсылық көрсеткен суыққолдыларды сабасына түсіріп, полицияға тапсырды.

ПЕТРОПАВЛ