• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қазан, 2020

Қазақстандық әйел Анталияда үш айлық баласын үй ауласына тастап кеткен

176 рет
көрсетілді

Қазақстандық әйел Анталия қаласында үш айлық баласын үй ауласына қалдырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бесікарбада жатқан баланы жергілікті тұрғын Сельма Мейдан тауып алған. Әйел бірден шұғыл көмек қызметіне хабарласқан.

Бала ауруханаға жеткізілді. Басылым мәліметінше, полиция баланың әкесін тапқан. Ол Түркияның 33 жастағы азаматы болып шықты. Полицияға ер адам әйелінің ұлын не үшін тастап кеткенін білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол прокуратураға әйелдің үстінен шағым қалдырған. Анасы - Қазақстан азаматы екенін айтқан.