• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда мобильді топтар карантин режимін бұзғандарды анықтады

152 рет
көрсетілді

Елордада карантиндік режимін бұзғандарды анықтау үшін рейдтерді полиция мен тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен мобильді топтар өткізді. Олардың нәтижелері бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамаған фактілер тіркелді. 

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында "Дәулет" сауда үйінде мониторингтік тексеру кезінде термометр мен дезинфекциялық кілемше болмаған, ал жалға алушылар маска режимін сақтамаған. "Забава" дүкенінде термометр болмаған. Осы сауда нысандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Байқоңыр ауданының бірнеше компьютерлік клубтарында, жөндеу пункттерінде, дүкендерінде, моншалары мен кафелерінде осындай бұзушылықтар анықталды. Олардың иелеріне түсініктемелер беріліп, айыппұл салынды.

"Байқоңыр ауданы басқармасында күнделікті рейдтер жүргіземіз. Кейбір субъектілер екі-үш рет жауапқа тартылды. Нәтижесінде олардың жұмысы тоқтатылды. Күн сайын біз 10-нан астам құқық бұзушылықты анықтаймыз, құжаттар жинаймыз, түсіндірме аламыз және СЭС-ке жібереміз. Екі-үш күн ішінде олар тәртіп бұзушыларды шақырады, хаттамаларды толтырады және айыппұл салады. Мұндай рейдтер таңғы 4-5-ке дейін жалғасады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында бүгінгі күні құқық бұзушылықтар саны азайды”,- деді Байқоңыр аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары Құрбан Таңғышбаев.

Полицейлер карантин бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарта отырып, кәсіпкерлік субъектілері бойынша күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізеді.

Сонымен қатар, демалыс күндері полицейлер азаматтармен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша карантин режимін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Көптеген қала тұрғындары көпшілік жиналатын орындарға, саябақтарға, скверлерге, базарларға баратын демалыс күндері тәртіп сақшылары сақтық шараларын еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда жауапкершілікпен қарауға, санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға шақырады.

Бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп 141 кәсіпкерлік объектісін тексеріп, 70 карантин бұзушылық анықтады. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, елордада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмас үшін халықпен жұмыс жүргізілуде.

Еске сала кетейік, елордада карантинді сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Барлық азаматтар үшінмаска тағу, санитайзерлерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.