• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2020

Табиғи және техногендік сипаттағы "Шекара-2020" жаттығулары өтеді

291 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  мәліметінше, өңіріміз Омбы, Новосибир,Алтай өлкесімен шекаралас орналасқандықтан  осы аумақтарда орман өрттері бола  қалған жағдайда өзара бірлескен  іс-қимыл маңызды.

Сондықтан, интернет, телефон және радиобайланыс арқылы өзара іс – қимылды бақылау мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті «Шекара-2020» табиғи және техногендік сипаттағы төтенге жағдайлардың алдын-алу және қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша бірлескен штабтық жаттығулар өткізеді.

Биыл бірлескен оқу-жаттығулар Алтай өлкесімен, Новосибирск және Омбы облыстарымен шектесетін Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткізу жоспарланған. Алайда, індетке байланысты өткізілмеді.

Ал, қазір  ресейлік әріптестермен бірлесіп трансшекаралық аумақта орман және дала өрттері орын алған жағдайдағы өзара іс-қимылды барысына  дайындалып жатырмыз,-дейді  департамент басшысының орынбасары Алексей Двинянин. -Яғни, мұндай оқу-жаттығулар өрттің шекарадан өту қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мысалы,биыл шекара маңы аумақтарында құрғақ шөптің жануы мен орман өртінің 4 жағдайы орын алған. Жалпы ауданы 240 гектар 6 жерде құрғақ шөп өртенді.

Бұл туралы хабарлама «101» пультіне 21 сағат 25 минутта келіп түсті. Өртті сөндіру екпіні секундына он жеті метрге дейін жеткен батыстан соққан жел қиындата түсті. Өрттің Алтай өлкесінің шекаралас аумағына өту қаупі туындады. Өрт төрт сағаттан кейін өшірілді.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің №7 өрт сөндіру бөлімінің бір техникасы мен бес қызметкері аттанды. Оларға Шарбақты ауданы Александровка ауылының 8 ерікті өрт сөндірушілері көмектесті.

Шекара маңындағы өрттердің 2 оқиғасы  Успен ауданында орын алды. Екі жағдайда да Ресей жақтағы аумақтарда құрғақ шөп өртенген.

Екі елдің өрт сөндіру бөлімшелері мен ерікті өрт сөндіру құрамаларының жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шекарадан өткізілмей, жедел сөндірілді. Барлық жағдайларда департамент қызметкерлері, күштер мен құралдары өрт болған жерлерге ауыстыру үшін ресейлік әріптестерімен байланыста болады.

Павлодар облысы

Суретті түсрген: Ербол Темір