• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 12 Қазан, 2020

«Барыс» тағы жеңілді

157 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын елордада өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» Череповецтің «Северсталь» клубынан жеңіліп қалды.

Екатеринбургте сәтсіздіктен соң қазақ­стан­дық команданың бапкерлері құра­маға біраз өзгеріс енгізген еді. Алайда одан еш нәтиже шықпады. Бәсеке басталған бетте ойын тізгінін қолға алған «Северсталь» хок­кейшілері кез­десудің 27 секундында шайба соғып кетті. Гол авторы – Игорь Гераськин. Арада екі жарым минут өткенде қонақ команда сапынан Адам Лишка мергендігімен көзге түсті. Екі голдан кейін «Северсталь» ойыншыларының қарқыны бәсеңдегендей болып еді. Бірақ 11-минутқа келгенде таб­лодағы көрсеткіш 3:0-ге жетті. Лишка дубль авторы атанды.

«Барыс» хоккейшілерді екінші кезеңнің орта тұсына келгенде ғана шайба соғуға мүм­кіндік алды. Алғаш 30-минутта Егор Петухов есеп айырмасын қысқартса, 31-минутта Кер­тис Волк қарсыластың қақпасын дәл көз­деп, есепті 3:2-ге жеткізген-ді. Өкінішке қарай, қал­ған уақытта жерлестеріміз жеңісті жұлып алу былай тұрсын, тең нәтижеге қол жеткізе алмады. «Барыс» келесі кездесуін бүгін Уфа­да жер­гілікті «Салават Юлаев» клубымен өткізеді.