2020 жылдың 12 қазанында коронавирустық инфекциядан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың арасында 72 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.