Австралиядағы ауруларға қарсы дайындық орталығының мамандары коронавирус бөлме температурасында 28 күн бойы тегіс беттерде болуы мүмкін деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Egemen.kz коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең үлкен қауіпті әйнектер, соның ішінде смартфон экрандары тудырады. Қауіптілігі жоғары тұрмыстық заттарға банкноттар, сондай-ақ тот баспайтын болаттан жасалған заттар екені атап өтілді.Ғалымдардың айтуынша, бұл беттерде вирус +20 °C температурада шамамен бір ай, +30 °C температурада 3 апта және тек +40 °C-та бірнеше күн өмір сүреді екен.