• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Қазан, 2020

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат бюросының отырысы өтті

136 рет
көрсетілді

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында депутаттар Палатаның алдағы отырысының күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Комитеттерге бөлініп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаттың 15 қазанда өтетін жалпы отырысында депутаттар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарайды.

Хаттамада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлуге мөлшерлес тәсілді қамтамасыз ететін жаңа нормативтерді бекіту көзделген.

Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары бөлініп берілді. Соған сәйкес Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті "Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бойынша бас комитет болып бекітілді.

Сондай-ақ, отырыс барысында Мәулен Әшімбаев алдағы 23 қазанда өтетін Парламенттік тыңдауға тоқталып өтті. Аталған тыңдауға қатысушылар ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін талқылайды.