• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2020

Елік атқандар ұсталды

738 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында сібір еліктерін заңсыз атудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамлют ауданының полиция бөліміне елікатқандар туралы дабыл түскен. Оқиға орнынаучаскелік полиция инспекторы, аудандық полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ СҚО Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері барып, күдікке ілінген Audi 100 автокөлігін тоқтатып, оның салонынан тіркелмегенекі ұңғылы ИЖ-58 аңшы мылтығы және қоңыртүсті қан іздері бар төсеніш көрген. Ал бірнеше метр жерден атылған сібір елігі табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сібір елігін заңсыз аулаудың тағы бір фактісі Шал ақын ауданында анықталды. Жануарларәлемінің аумақтық инспекциясы қызметкерлеріне Алқаағаш ауылынан шамамен 8 км жерде сібірелігінің атылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 1977, 1991 және 1993 жылғы Алқаағаш ауылының үштұрғынын ұстап, еліктің еті, 12 калибрлі екі гильза, сондай-ақ ВАЗ 2106 автокөлігі алды. Алынған елікеті сараптамаға жіберілді. Аталған факті Сотқадейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан СҚО полицейлері заңсызаңшылық бойынша 17 қылмыстық іс қозғады. Күзгі аңшылық маусымының басталуына байланысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша рейдтер жандандырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы