• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қазан, 2020

Үздіктер қатарынан шығып қалды

138 рет
көрсетілді

Италия тас жолында өтіп жатқан велоспорттан «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының 10-кезеңінде BORA - hansgrohe командасының өкілі Петер Саган жеңімпаз атанды.

177 шақырымға созылған кезекті жарыс күнінде Саган аталған қашықтықты 4 сағат 1 минут 56 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды америкалық Брэндон Макналти (UAE-Team Emirates) мен португалдық Жоао Алмейда (Deceuninck – Quick Step) еншіледі. Ал «Астана» капитаны Якоб Фульсанг мәре сызығын 21-ші болып кесіп, жалпы есептегі жағдайын нашарлатып алды.

Ал жалпы есепте Жоао Алмейда көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда бірдей уақыт көрсеткішін тіркеген Нидерланд өкілі Вилко Кельдерман (Sunweb) мен испаниялық Пело Бильбао (Bahrain – McLaren) тұр. Ал Фулсанг 11-орынға түсіп қалды.