• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Технология 15 Қазан, 2020

Apple компаниясы iPhone-ның ескі модельдерін шығаруды тоқтатты

420 рет
көрсетілді

iPhone XR және 11 Pro модельдері өндірістен алынып тасталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"іPhone 11 Pro смартфонының орнына оның жақсартылған түрі iPhone 12 Pro флагманын сатып алуға болады. Ал XR моделін 2020 жылдың көктемінде шыққан iPhone SE алмастыра алады", деп хабарлады компания.

2020 жылы Apple төрт ескі телефон моделін шығаруды тоқтатқан. Сонымен бірге iPhone XR және 11 Pro модельдерінің шығуын тоқтатқанымен, смартфондар дүкендерде біраз уақытқа дейін сатылымға шығады.