• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2020

Елордада демалыс күндері көрмелер мен спектакльдер өтеді

121 рет
көрсетілді

Алдағы демалыс күндері елорданың мәдени ошақтарындағы театр қойылымдарын, экскурсиялар мен онлайн кездесулерді қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өтеді.

Тәуелсіздік сарайында 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Ақанаевтар әулеті" және "Кеңістіктегі қозғалыс" көрмелерін тамашалауға болады.Nomad City Hall-да 17 қазан күні сағат 18:00-де "Мерекелік мәзір" спектаклі өтеді.

Қалалық қуыршақ театры 17 қазан күні сағат 14:00-де instagram.com/teatrkukolnursultan және в facebook.com/teatr.kukol.astana "Акробатика в куклах" сахналық қозғалысы туралы жас көрермендерге арналған бағдарлама ұйымдастырады. 17 қазан күні сағат 22: 00-де балаларға кешкі ертегі көрсетіледі.

17 қазан күні сағат 19:00-де "Жастар театры" І буын актерлерімен әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфир өткізеді: instagram.com/zhastar_teatry;facebook.com/zhastar.theatry; youtube.com.М. Горький атындағы драма театрында 17 қазан күні сағат 11:00-де "Маша, Серый и Потапыч" ертегісі қойылады. Оның трансляциясы әлеуметтік желілерде жүргізіледі: youtube.com; instagram.com.

М. Горький атындағы драма театрының кіші залында 17 қазан күні сағат 18:00-де көрермендерге Р.Кунидің "Смешные деньги" комедиясы ұсынылады. 18 қазан сағат 12:00-де балаларға instagram-да актерлер “Сказка в дом“ ертегісін көрсетеді.