• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 16 Қазан, 2020

Уақытша рингке шыға алмайды

161 рет
көрсетілді

Жуырда ғана кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, қар­сыласын екінші раундта сұлатып салған жерлесіміз Жәні­бек Әлім­ханұлына (9-0, 5 КО) жекпе-жек өткізуге тыйым салынды.

Боксшылардың статистикасын жүр­гізетін Boxrec.com порталының хабар­ла­уын­ша, Невада штатының атлети­калық комиссиясы 27 жастағы қазақстандық боксшыны осы жылдың 24 қазанына дейін жекпе-жектен уа­қытша шеттеткен. Ол нокаутқа жібер­ген ар­гентиналық Гонсало Кориа (16-4, 6 КО) 9 желтоқсанға дейін шаршы алаң­ға шыға алмайды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімхан­ұлы 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориамен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен еді.