ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов Қостанай облысының бірқатар кәсіпорындарын аралады, сондай-ақ жұмыс берушілермен өндірістік жарақаттану мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ержан Тоқтағұлов, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары қатысты.
ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы өз сөзінде Қостанай облысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды 201 кәсіпорын енгізгенін атап өтті. Өңірдің 837 кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, олар кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жұмысты жүргізеді. Бұл ретте облыста өндірістік объектілерді аттестаттау бойынша жұмыс нашар жүргізілуде.
«Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау және олар бойынша еңбекті қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүргізу мақсатында өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еліміз бойынша 2489 өндірістік нысан аттестатталды. Қостанай облысында бұл жұмыс өте нашар жүргізілуде, аттестация тек 8 кәсіпорында жүргізілген», – деп атап өтті Төлеген Оспанқұлов.
ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Қостанай облысында ағымдағы жылдың 9 айында өндірістік жарақаттанудан зардап шегудің 99 жағдайының орын алғанын, 2019 жылдың ұқсас кезеңіндегі 67-ге қарағанда біраз өскенін еске салды.
Сонымен қатар, Төлеген Оспанқұлов зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің санын азайту қажеттігіне назар аударды.
«Қостанай облысында зиянды еңбек жағдайында 16 мың адам жұмыс істейді. Ел бойынша өткен жылы 676 мың жұмыскер жалпы сомасы 128,5 млрд. теңгеге түрлі өтемақы алды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Яғни, көрсетілген кезеңде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің саны азаймаған.
Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығының статистикасына сәйкес жыл сайын 400-ге жуық жұмыскерде алғаш рет кәсіптік аурулар анықталады. Сондықтан жұмыс берушілерге зиянды өндірістік факторлардың әсерінен болатын сырқаттанушылықтың себептерін жоюға бағыттауы қажет», – деді ол.
Іс-шара соңында ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс берушілерге Қостанай облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен бірлесіп, кәсіпорындарда саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.
Мәселен, жыл соңына дейін өңірде 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол картасын орындау бойынша жұмысты күшейту, жұмыста жазатайым оқиғалар орын алған әрбір кәсіпорында еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту қажет.
Сонымен қатар, Төлеген Оспанқұлов өндірістік кәсіпорындарда кәсіптік қатерлерді тұрақты бағалауды жүргізуді және оларды барынша азайту бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ өңір кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуді, құрылыс объектілерінде тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Халықтық бақылау» жобасын жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары «Vizion Zero» - нөлдік жарақаттану халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының тұжырымдамасын ілгерілетудің маңыздылығын еске салды.