• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2020

Полиция киімін заңсыз киген асаба анықталды

369 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен бейнежазбадағы полиция қызметкерінің нысанды киімін киген асабаның жеке тұлғасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында болған мерекелік шарада түсірілген бейнежазбаны Полиция департаментінің қызметкерлері зерделеді.

“Полиция қызметкерлері қашанда әзіл мен пародияға және сындарлы сынға түсіністікпен қарайды. Алайда, осындай бейнежазбалар ішкі істер органы қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлердің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында атқарып жатқан жұмыстарын жоққа шығарады. Сондықтан да полиция қызметкерінің нысанды киімін киіп, той иелеріне заңдылықты бұзуға септігін тигізген асаба бұл қылығымен барлық полиция қызметкерлерінің беделін түсірді. Белгіленген ережелер мен шектеу талаптарын сақтау қажет. Отбасылық мерекелерді кейінге қалдыруға немесе өзгелердің денсаулығын қауіпке тікпеу үшін аз адамның қатысуымен жасауға болады”,-деді Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Қазіргі уақытта “жалған полицейді” Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабына (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану)  сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.

Той иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес жиналған материал шешім қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.