Қазақстанның Ұлттық Банкі дарынды жастарды іздеу және ҚҰБ құрылымында жұмыс жасауға тарту мақсатында жоғары оқу орындарының студенттерін практикадан өтуге қабылдауын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
"Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бітіру курстарында оқу; Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды жіберу қажет:
Тіркеу формасы; Жоғары оқу орнының басшылығынан немесе жоғары оқу орнының факультет басшылығынан ұсыным хат; Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат; Студенттің жоғары оқу орнында оқуын растайтын оқу орнынан анықтама;Қосымша келесі құжаттар ұсынылу мүмкін:
Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.); Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.Практиканы Ұлттық Банкінің барлық қызмет бағыттарында өту мүмкін. Студенттер алынған теориялық білімді практикада бекітуге және де дипломдық/магистрлік жобаны жазуға қажетті материалды жинақтауға мүмкіндік алады", делінген хабарламада.
Соңғы үш жылда Ұлттық Банкте 134 студент практикадан өткен.