• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Түркістан облысының тұрғыны үйінде аңшы мылтығы мен есірткі сақтаған

381 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері үйінде қару мен есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан ауыл тұрғындарының бірінің өз үйінде қару-жарақ пен есірткі заттарын заңсыз сақтайтыны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Түлкібас ауданының тұрғынын анықтап, күдіктінің үйінен 7 оғы бар екі ұңғылы аңшы мылтығы мен өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакетті тәркіледі. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 26 грамнан асатын “кептірілген марихуана” болып шықты.

Ұсталған азамат қамауға алынды. Қазіргі таңда заңсыз есірткі сақтау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес тергеу амалдары өткізілуде. Қару сақтау фактісіне байланысты  полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.