• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2020

Әлеуметтік қызметтер порталының қандай артықшылықтары бар?

92 рет
көрсетілді

1411 колл-орталығының алаңында Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану және колл-орталықтың жұмысы мәселелері бойынша мүгедектігі бар адамдар қатарындағы белсенділер мен қоғам қайраткерлерінің консультациясы өтті. Сервис азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласының 10 бағыты бойынша консультация беруге мамандандырылған, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, еңбек қатынастары және т. б. мәселелер бар.

Іс-шара барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Әділет Закиев мүгедектігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды келесі жылдан бастап порталда жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтеріне тапсырыс беру бойынша, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді жүзеге асыру үшін ұйымды таңдау бойынша функционалдың қосылатыны туралы хабардар етті. Осы жылдың қазан айында бұл функционал пилоттық режимде іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, Закиев жаңа жылдан бастап порталдағы тауарлар мен қызметтер тізбесін кеңейту мүгедек адамдар тарапынан көптеген сұрақтарға, яғни 1411 колл-орталығына жүктеменің артуына алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

«Біз мүгедектігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналардың байланыс орталығына шығуын ұйымдастырдық, олар операторлардың қалай жұмыс істейтінін, оларға азаматтар қандай сұрақтармен жүгінетінін көрді, сондай-ақ тестік қоңырау шалып, жедел консультация алды. Сондай-ақ біз колл-орталық басшылығынан олардың келесі жылғы жұмысты қалай жоспарлағанын, жүктеме қашан артуы мүмкін екенін білдік. Жалпы, барлығы риза болды», – деді Әділет Закиев.

Аралау барысында колл-орталықтың басшылығы қатысушыларға оның жедел және үздіксіз қызметін 60 адам қамтамасыз ететінін айтты. Колл-орталық күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, мерекелік және демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Күніне Қазақстанның барлық өңірлерінен 3,5-тен 5 мыңға дейін қоңырау түседі. Келесі жылы колл-орталыққа түсетін жүктеменің артуына байланысты операторлар санын арттыру жоспарлануда.

Өз кезегінде 1-топтағы мүгедек Батыржан Қадыров мұндай кездесулер мүгедек адамдар үшін өте қажет екенін атап өтті.

«Келесі жылдан бастап порталда санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтері қолжетімді болатынын тағатсыздана күтудемін. Байланыс орталығына келетін болсақ, операторлардың жедел жұмысын атап өткім келеді. Біз сол жерде қоңырау шалып, сұрақтарымызға жауап алдық. Қазіргі уақытта мен өзім орталықтың жұмысын көріп, бағаладым. Жұмыстың жолға қойылғаны байқалады», – деп өз ойымен бөлісті Батыржан Қадыров.

Колл-орталықтың операторы Жадыра Әубәкірованың айтуынша, Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану мәселелерінен басқа, оларға азаматтар алғыс айту үшін жиі хабарласып жатады.

«Пайдаланушылар Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқаннан кейін белгілі бір тауарға тапсырыс беру үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінудің қажеті жоқ деп ризашылықпен айтады. Сондай-ақ, олар тауарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы мен фотосуреттері бар екенін, бұл таңдау процесін жеңілдететінін атап өтті», – деп атап өтті Жадыра Әубәкірова.