Қарасай аудандық сотында Алматыдағы блокбекетте болған жол апатына кінәлі полицейге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Мәди Көшікбаев.
Естеріңізге сала кетейік, блокпосттағы жол апатына айыпты бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты деректер белгілі болған еді.