Өткен тәулікте елордаға шетелдерден 470 адам келді. Оның 63-інде короновирус тестінің анықтамасы жоқ болғандандықтан стационарға жеткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Сондай-ақ ертеңнен бастап халықаралық рейстер саны қысқарады. Әсіресе, Түркия, Украина, Германия және Біріккен Араб Әмірліктеріне барыс-келіске шектеу қойылмақ. Атап айтқанда, Стамбул мен Дубайға апта сайын қатынайтын рейстер саны төртеуге, Киев пен Франкфуртқа екеуге азаяды. Ал, ішкі рейстердің кестесі өзгермейді.