• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қаржы 21 Қазан, 2020

Автокөлік иелері ең көп сақтандыру төлемін алған өңірлер

778 рет
көрсетілді

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында жол-көлік оқиғасынан сақтандыру төлемін алған көрсеткіштері ең жоғары және ең төмен аумақтарды анықтаған.

COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайды ескергенде, қазақстандық жолдарда карантин кезеңінде машиналар саны азайғаны байқалды. Апаттар да сирек болған. Демек, 2020 жылдың 8 айы ішінде былтырғымен салыстырғанда апат­тық оқиғалардың төмендеуі шамалы – 25,4% (7 541 ЖКО). Барлығын алғанда, Қазақстанда былтыр 16 614 апат тіркелген.

Апат саны өскен сайын ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлем­дерін атқару да өсуде. Ұлттық банктің мәлімет­тері бойынша 2020 жылдың 8 айы ішінде сақтандыру компаниялары автокөлік иелеріне 18 млрд теңге төлеген. Бұл былтырғы жыл­дың ұқсас кезеңіндегіден 5%-ға төмен. Бір автокөлік иесіне ш­ағыл­ған сақтандыру төлемінің о­рта­ша сомасы бір жыл ішінде ұлғай­ды. Қазір бұл 410 500 тең­гені құ­рай­ды, былтыр 396 000 тең­гені құраған.

Аумақтардағы сақтандыру төлемдерінің мәліметтерін алатын болсақ, олар біркелкі емес: кейбір аумақтарда өскен, ал кей­бірінде көрсеткіштері кері­сінше төмендеген.

 

Қазақстандағы сақтандыру төлемдері

Кейінгі екі жыл бойы Алматы – ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша төлемдерінің озаты. 2018 жылмен салыстырғанда, 2019 жылы аумақ көрсеткіштері 23% өскен (8,6 млрд теңге). Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (3,3 млрд теңге) және Түркістан облысы (3,1 млрд теңге). Өз позицияларын аталған аумақтар 2018 жылдан бері ұстап келеді, онда көрсеткіштері 18% және 26% төмен болған – 2,7 млрд теңге және 2,3 млрд теңге. Үшінші орынды Алматы және Қарағанды облыс­тары иеленген. Бұл аумақтар­да ОГПО міндетті автосақтан­дыру бойынша төлемдерінің мөл­шері 2,5 млрд теңге және 2 млрд теңгені құраған. 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіштері 48% және 15% сәйкесінше өс­кен. 2019 жылы ОГПО міндетті автосақтандыру бойынша ең аз төлемдері Маңғыстау және Солтүстік Қазақтан облыстарын­да жүзеге асырылған – 0,5 млрд теңге, бұл 2018 жылдың көр­сеткіштерінен 20%-дан астам.

Сақтандыру жағ­дайы ба­ры­сын­да, жол поли­циясы қыз­мет­­кер­лері кел­ген­ше, жүргізушіге көлік­­ті ор­ны­­нан қоз­ғалтуға бол­май­­ды және ОГПО міндетті авто­сақ­­­тандыру ресімделген сақ­тан­дыру компаниясының апат­тық комиссарын шақырту қажет. Сарапшылар ЖКО ор­нын­­дағы оқиғаны зерттейді және бар­лық тиісті құжатты ресім­дейді. ОГПО төлемдері, өтем­а­қыны жүзеге асыру үшін қажетті соңғы құжат келіп түс­кен сәттен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде атқарылады. Алай­да егер нұқсан мөлшері 350 мың теңгеден аспайтын бол­са, жүргізуші сақтандыру төлем­дерін апат болған жерде бір­ден алуы мүмкін. Мұндай қыз­­мет көрсету сақтандыру ком­пания­ларының бәрінде ұсыныл­майды. ОГПО міндетті автосақ­тан­дыру­ды ресімдеу үшін енді ешқай­да барудың, агенттермен кезде­судің, кезекте тұрудың қажеті жоқ, оны бес минут ішінде, ком­па­нияның сай­тында онлайн ресім­деуге бола­ды. Сонымен қатар Freedom Finance Insurance ком­паниясында бірегей ұтыс ойы­нына қатысуға болады. Ұтыс­қа 20 автомашина және 1000 басқа құнды жүлделер тігілген.