• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 21 Қазан, 2020

Аптаның үздігі атанды

126 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) арнайы комиссиясы тұрақты бірін­шіліктің жетінші аптасын қо­рытындылап, өткен жеті күнде үздік ойынымен көзге түскен хоккейшілердің есімін атады. Олардың қатарында «Барыс» ойыншысы да бар.

Елорда командасының финляндиялық қақпашысы Йони Ортио аптаның үздік қақпашысы атанды. Ол командамен бірге сырт айдындағы үш ойынның барлығына қатысып, бір кездесуде қақпасына гол өткізген жоқ. Ортио қақпаға бағытталған 76 соққының (әр ойында орта есеппен 25,3 соққы) 94,74 пайызын қайтара білді. Сондай-ақ қарсыластың шабуылшылары 96 минут 15 секунд бойы Йони Ортио қақпасына бірде-бір шайба дарыта алмады.

Сонымен қатар «Трактор» клубының қорғаушысы Лоуренс Пилут, «Металлург» шабуылшысы Андрей Чибисов өткен аптаның үздігі атанса, «Ак Барс» қақпашысы Амир Мифтахов «апта жаңалығы» сыйлығын иеленді.