Пандемияға байланысты биыл садақ атудан жабық ғимараттағы әлемдік кезеңнің бірде-бір жарысы өткізілген жоқ. Алайда қараша айынан бастап аталған турнир онлайн түрде ұйымдастырылады. Мұны ҰОК-тың баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші кезең 21-22 қараша күндері Швейцарияның Лозанна қаласында, екінші кезең аталған қалада 20 желтоқсан күні шақырту бойынша өтеді. Кейінгі кезеңдері келесі жылдың 15-17 қаңтарында Францияның Ниме қаласында, 10-14 ақпанда АҚШ-та ұйымдастырылады. Тікелей эфирде жарысқа қатысқан садақ атушылар автоматты түрде ашық рейтингке енеді. Әрбір жарыс, сондай-ақ финалдық кезеңдері тікелей эфирде көрсетіледі.