Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиялық жағдайдың деңгейін ескерді.
Осыған орай, 2020 жылғы 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны:
1) Біріккен Араб Әмірліктері – аптасына 8 рейске;
2) Беларусь – аптасына 5 рейске;
3) Германия – аптасына 2 рейске;
4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.
Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию, ПТР тесті және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.