• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2020

Еріктілер аз қамтылған отбасыларға 500 келіге жуық картоп таратты

185 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлық штабында 20-дан астам ұйым мен 2000 ерікті бар. Олар көптеген қайырымдылық саласының басы қасында жүрген азаматтар. Бірі жоғалған адамдарды іздесе, екіншісі қарт кісілерге қолғабыс етеді, келесісі табиғатты аялап, жануарларға қамқорлық білдіретін еріктілер белсенді жұмыстар атқаруда. Сондай игі істердің бірі С.Сейфуллин атындағы Қазақ гротехникалық университетінің ерікті жастары мен “Ауыл жастары” қоғамдық жастар бірлестігімен бірігіп, аз қамтылған отбасыларға картоп таратты. Жалпы 500 кг-ға жуық картоп жеткізілген.

“Жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларға және мүгедектерге картоп тараттық. Әр отбасыға 10-15 келіден картоп таратылды. Жалпы 30 дан аса отбасыға, және мешіттергеде таратылды. Бүгін картоп таратсақ, оның алдында ет тараттық, оның алдында кеңсе тауарларын бердiк. Қыс уақытында суалу қаупiнен арылу үшiн ерікті жастармен бірге қарттарға, мүгедек кісілердің, соғыс ардагерлерінің үй жайын қардан тазартуғада көмек беріп тұрамыз. ”,- дейді ерікті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өкілі Ақылбек Данабекұлы.

Айта кетсек, бұл шара Birgemiz:Qamqor жалпыұлттық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасылар мен қарияларға көмек көрсететін волонтерлық бағыттың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Мұқтаж адамдарға көмек көрсету қажеттілігі - қоғамдық сана мен жауапкершіліктің көрінісі. Еріктілер биыл Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектесіп, пандемия кезінде мұқтаждарға көмек жеткізді, маскалар таратты және бұған дейін Қазақстанның астанасында өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.