• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Тағайындау 21 Қазан, 2020

Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

1055 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Рафхат Бисенов агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Бисенов Рафхат Төлеуғалиұлы бұған дейін агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ол 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2014 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі саласында 9 жылға жуық қызмет атқарған.

Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2005 жылы Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы болды. Кейін осы бөлімнің бас маманы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы, консультант-инспекторы, одан кейінгі жылдары департаментте бөлім басшысы, басқарма басшысы болған. Меритократия қағидатына сәйкес департаменттегі барлық қызмет сатысынан өткен Рафхат Бисенов 2016 жылдан бастап осы кезге дейін аталған департамент басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.