ДСМ бірінші вице-министрі COVID-19-ға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің ай сайынғы жалақысына қосымша үстемеақы төлеу одан әрі жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын және екінші толқынға дайындық кезінде қабылданған шараларды ескере отырып, медицина қызметкерлерінің кәсіби қызмет барысында сырқаттануына жол берілмейді.
Осыған байланысты:
- 2020 жылдың 20 қазанынан бастап COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер бойынша жаңа өтініштер қабылдау тоқтатылды;
- Қызмет басырысна ауруған жағдайда қолдау шаралары медициналық ұйым (кәсіподақтар) және ЖАО есебінен көрсетілетін болады.
- COVID-19-ға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің ай сайынғы жалақыларына қосымша үстемеақы төлеу одан әрі жалғасатын болады.