• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2020

Бейнекамералар жол қауіпсіздігін сақтауды арттыруда

333 рет
көрсетілді

Петропавлдағы "ақылды" қиылыстардың көмегімен Жол қауіпсіздігі ережесінің (ЖҚЕ) 60-тан астам өрескел бұзушылығы анықталды. Қалада аталған жүйелермен 7 қиылыс жабдықталған.

Атап айтқанда Астана – Интернационал, Н. Назарбаев – Абай, Жамбыл – Интернационал көшелерінің қиылысында «Интегра» бейне бақылау жүйесі жұмыс істейді. Әрқайсы бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету және тоқтау сызығынан шығу сияқты бұзушылықтарды тіркейтін 9 камерадан тұрады. Ал Ғ. Мүсірепов – Жамбыл, Н.Назарбаев – Интернационал, Жамбыл – Партизан, К.Сүтішев – М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында орнатылған «Мираж» жүйесінің 4 камерасы бағдаршамның белгілеріне қатысты ережелердің сақталуын бақылайды. Сонымен қатар жылдамдығын сағатына 60 км асыратын көліктердің нөмірлерін тіркейді. Ақпарат компьютермен өңделіп, оператор тексергеннен кейін жүйе автоматты түрде хаттама рәсімдейді. Өткен жылдың желтоқсан айында Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі түрлі мемлекеттік органдардың деректер базаларымен біріктірілгеннен кейін «ақылды» камералар шетелдік нөмірлерді де анықтай бастады. «Жүргізушілердің тәртібін арттыруда интеллектуалды бейне бақылау жүйелері маңызды рөл атқарады. Осындай қиылыстарда жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға тырысатыны бұрыннан белгілі. Дей тұрғанымен, көбі асығыстық жасайды, - дейді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Жыл басынан бері Петропавлда «интеллектуалды бейне жүйелер» арқылы жылдамдық режімін бұзудың 596 бұзушылығы тіркелді.

 

ПЕТРОПАВЛ