• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2020

Жеке кәсіпкерден үш текше метр сексеуіл тәркіленді

1708 рет
көрсетілді

Алматы облысында жеке кәсіпкер 18 жылдан бері сексеуіл сатумен айналысып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында “Браконьер” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғыннан сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктердің бірі  болып табылатын үш текше метр сексеуілді тауып, тәркіледі. Оның айтуынша, ол сексеуілді дайындаумен және қайта сатумен 2002 жылдан бері айналысқан.

2015 жылы дәмхана ашып, ол жерде де сексеуілді пайдаланған.

Соңғы жаңалықтар