Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 2-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б.Имашев
Хатшы С.Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жылғы 21 қазан,
№ 29/334