Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан UFC додасына турниріне тұңғыш рет қатысқан жерлесіміз Шавкат Рахмонов бразилиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, айтулы ұйымдағы дебютін сәтті бастады.
«Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейра (22-8-1-2) отандасымызға бір раунд та қарсы тұра алмады. Жекпе-жектің бірінші кезеңі аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Оливейра Рахмоновтан жеңілгенін мойындап, жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, жерлесіміз өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, Рахмонов бірде-бір қарсыласына белгіленген раундқа дейін толық жұдырықтасуға мүмкіндік бермеген.
Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи күш сынасады. Олар жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады.