• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 28 Қазан, 2020

Шымкентте "Қазығұрт" мәдениет үйі қайта жанданады

527 рет
көрсетілді

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы "Қазығұрт" мәдениет үйінің қазіргі жағдайын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәдениет үйі 1988 жылы салынған. "Қазығұрт" өндірістік кооперативінің меншігінде. Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты "Қазығұрт" мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр.   Онда қазір үш адам жұмыс жасайды. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен шыққан. Тұрғындар көптен бері мәдениет үйін мемлекет меншігіне алу мәселесін көтеруде.    Қала әкімі нысанды мемлекет теңгеріміне алып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Әбден тозығы жеткен, 350 орындық мәдениет үйі қайта жөндеуден өтіп, аталған мәселе жоспарға сай шешімін таппақ.