• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қазан, 2020

UFC рейтингінде көш бастады

194 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жектің (UFC) жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмаго­медов аталған ұйымның Pound-for-Pound рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Спортшылардың салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің көшін бұ­ған дейін жартылай орта салмақтың бұ­­рынғы чемпионы Джон Джонс бас­тап тұр­ған еді. Ал жаңарған рейтингте ол екінші орынға түсіп қалды. Үздік үштік­ті орта сал­­мақтағы чемпион Исраэль Аде­санья түйін­­деп тұр.

Жуырда ғана БАӘ-де ұйымдастырылған UFC 254 турнирінде Нурмагомедовтен жеңіл­ген америкалық Джастин Гэтжи рейтингте үш саты төмен сырғып, 10-орынға тұрақтады. Сондай-ақ ресейлік спортшының бұрынғы қарсыласы Конор Макгрегор 11-орында болса, Тони Фергюсон 13-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов өзінің 29-жекпе-жегінде Гэтжиді жеңгеннен кейін спортпен қоштасатынын мәлімдеген болатын.