• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Қазан, 2020

Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысымен танысты

121 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Агенттік төрағасының жұ­мыс сапары Екібастұз қаласынан басталды. Онда ол «Павлодар облысы бойынша Азаматтар­ға арналған үкімет» МК» КеАҚ фи­лиалының бөлімдеріне, қала­лық сервис­тік әкімдікке, сондай-ақ Мем­лекеттік кірістер басқармасына барды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, облыс әкімі Ә.Сқақов­­пен бірге Қалқаман кенті­нің «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесіне барды. Бұл мекеме әлеуметтік мәселелер бо­йын­ша 8 мемлекеттік қызмет көрсе­тетін Павлодар облы­сын­­дағы алғашқы ауылдық фронт-кеңсе. Тәжірибе көрсе­тіп отырғандай, бұл фронт-кең­селер азамат­тарға қолайлы жағ­дайда мем­ле­кеттік қыз­меттерді жедел және сапалы көрсетуге мүмкін­дік береді. Осыған орай, облыстың мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерінде осындай орталықтар ашу жос­парланып отыр.

Одан әрі Агенттік төрағасы Ақсу қаласы әкімдігінің «Open Aksu» жұмыс барысымен та­ныс­ты. Айта кету керек, атал­ған орталықта 83 мемлекет­тік қызмет көрсетіледі, оның 93,8%-ы электронды түрде. Биыл­ғы жылдың басынан бас­тап әкімдікке мемлекеттік қыз­меттер бойынша кеңес алуға 3 мыңнан астам азамат жүгінді.

А.Шпекбаев Екібастұз, Ақсу қалаларында және Қалқаман кентінде болып, тұтынушыға бағдарлану, ашықтық және ашықтық қағидаттарына негіз­делген мемлекеттік меке­ме­лерді трансформациялау бо­йынша жүргізіліп жатқан жұ­мысқа оң бағасын берді.

«Мен барлық жерде стан­дарттың бірдей екеніне және азаматтарға жағдай жасал­ғанына көз жеткіздім. Сапалы мемлекеттік қызметтер – тұр­мыстық жемқорлықты жою­дың кепілі. Оларды алу үшін қолайлы жағдай жасау – мем­лекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру тұрғысынан бірін­­ші кезектегі міндет», деп атап өтті Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет басшысы.

Жұмыс сапарының екінші күні Агенттік төрағасы цифр­ландыруды белсенді енгізіп жатқан бірқатар әлеуметтік және білім беру ұйымдарына барады. Сондай-ақ ол облыс әкімі Ә. Сқақовпен бірге жұрт­шылықпен кездесуге қатысып, азаматтарды қабылдайды.