• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Қазан, 2020

Пандемиядағы пікірталас платформасы импорттық азық-түлікке тәуелді екенімізді көрсетті

282 рет
көрсетілді

Жуырда ірі бизнес пен үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып, еліміздегі тұрақты даму мәселелерін талқылайтын «Орнықты даму мақсаттары және бизнес пікірталас платформасы» өз жұмысын бастады.

 

Онлайн-алаңның алғашқы жиынында қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы арасында 2,7 есе алшақтық бар екені баяндалып, COVID-19 салдарынан айларға созылған карантин елдегі азық-түлік нарығына қаншалықты әсер еткені туралы сауалға сарапшылар жауап берді. Өйткені, жаһандық пандемия кезінде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі де денсаулықты сақ­тау ісімен жағаласып, алдыңғы кезекке шықты. Қысқасы, БАҚ-та, бизнес қауымдастық пен ҮЕҰ секторында орнықты даму мәсе­лелерін көтеруді көздейтін бұл идея БҰҰ Орнықты даму мақ­сат­тарын танымал етуге, сон­дай-ақ мемлекет пен қоғам назарын эко­ло­гияға аударуға, адам құқық­тары, жергілікті кәсіп­керлікті қол­дау, бизнестің әлеу­меттік жауап­кершілігі, халық­ара­лық әріптес­тікті дамыту мәсе­лелеріне жұмыс істейді.

Айтқандай, жобаға «Expo&Women» халықаралық ұйымы, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалиция­сы», «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» және «Қазақстан еріктілері альянсы» қоғамдық бірлестіктері тобы құрған «Қазақ­стан­дағы ОДМ-2030» қоғамдық инс­титуты мұрындық болып отыр. Алғаш­қы онлайн-жиын жо­ға­рыда атап өт­кендей, «Азық-тү­лік қауіпсіз­дігіне қол жеткізуге биз­­нес-қауым­дастықты тарту» та­қы­­рыбы­на арналды. Алдымен сөз ал­ған «Қазақстандағы ОДМ-2030» қоғамдық институтының бас­­шысы Ләззат Асқарова соңғы деректерге сәйкес, әлемде 821 млн адамның тойып тамақтана ал­­май­­тынын, бұл аштықты жою мақ­­са­тына қол жеткізуге қауіп төн­ді­ретінін алға тартты. Мәсе­лен, Қазақ­станда коронавирус эпи­де­миясы кезінде азық-түлік қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету үшін 32 млрд тең­геден астам қаражат бөлінген.

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан өзін жеміс-жи­дек­термен орта есеппен 80%-ға қам­тамасыз етеді. Қазақстан құс етінің 21%-ын, алманың 42%-ын, қанттың 55%-ын, сүттің 500 мың тоннасын сырттан тасиды.

Республика өзін 62% балық­пен, 58% ірімшік және сүзбе, 61% шұ­жықпен қамтамасыз етеді. 2019 жылы 18,7 млн адамға шаққан­дағы негізгі азық-түлік өндірісі 38,9 млн тоннаны құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 16,8 млн тонна, көкөністер, бақша және тамыр жемістілер – 11,2 млн тонна; сүт – 5,9 млн тонна, ет – 1,1 млн тонна, бұршақ дақылдары – 196 мың тонна, балық – 45,4 мың тонна, жаңғақтар – 3,8 мың тонна. Бір адамды қамтамасыз ету көр­сеткіші жылына 1,9 тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш әлемдік көр­сеткіштен 2,2 есе жоғары. Алайда осы көрсеткіштерге қара­мастан, COVID-19 салдары­нан орын алған ұзақ карантин Қазақстанның азық-түлік нары­ғы­ның импорттық өнімге қанша­лықты тәуелді екенін көрсетті. Ық­тимал тәуекелдерді ескере оты­рып, Қазақстанға импорт жет­кізілуі үзілген жағдайда елдің бар­лық аймағында азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өндірісті ұлғайту және дамыту қажеттігі айқын көрінді.

Пікірталас платформасында БҰҰ Қазақстандағы байланыс және серіктестік жөніндегі азық-түліктік және ауыл шаруашылығы ұйымдары кеңсесінің басшысы Қайрат Нәжмиденов елімізде БҰҰ жүзеге асырып жатқан жоба­­лар туралы баяндады. Оның ай­туын­ша, негізгі міндет – ор­­нық­ты даму мақсаттары ар­қы­лы ауыл шаруашылығы мен агро­­өнер­кәсіптік кешен­нің тұрақ­тылы­ғына қол жет­кізу. БҰҰ азық-түлік­тік және ауыл­ шаруашылығы ұйым­дарының бағалауынша, алдағы уақытта әлемде азық-түліктің 30%-ға дейінгі бөлігі жоғалады.

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы Айхан Сұлтан қазіргі уақыта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға арналған жаңа бағдарламасын әзірлеу жүріп жатқанын атады. Министрлік ауылшаруашылық субъектілері арасындағы кооперация қағидаты арқылы ауыл шаруашылығының дамуын ынталандыруды жоспарлап отыр.

Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Хамбар Қазақ­станда орнықты даму мақ­сат­тарын іске асыру тәсіл­деріне тоқталды. Ол түрлі ми­нистр­лік­тердің жанында құрыла­тын және белгілі бір орнық­ты даму мақсатының жүзеге асуын рет­тейтін жұмыс топтары туралы сөз қозғады. Қазақстан­да қала мен ауылдың әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуы арасында 2,7 есе ал­шақтық бар екенін атап өтті.

Пікірталас платформасында әлеуетті компаниялардың өкіл­деріне де сөз берілді. Мысалы, Қазақ­стан мен Қырғызстандағы «Coca-Cola» халықаралық компаниясының үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман «Coca-Cola белестері» жобасына тоқталды. Осы жоба арқылы әйелдер жыл сайын, әсіресе ауыл шаруашылығы секторында шағын бизнес ашуға гранттар алады. Жоба жұмыс істеген 8 жыл ішінде 30 мыңнан астам қазақстандық кәсіп­кер әйел кәсіпкерліктің база­­лық дағдылары бойынша оқып, өз кәсіптерін құруға қабі­ле­тін арттырған көрінеді. Жоба шеңберінде 100-ден астам жұмыс орнын ашқан 60-тан астам шағын бизнеске микро-гранттар арқылы қолдау көрсетілді және осы жылы тағы 20 бастамашы кәсіпкер грант­қа ие болып, өз ісін бастай­ды. Әйелдер ашқан шағын кәсіп­орын­дардың 60%-дан астамы ауыл шаруашылығының түрлі саласында – құс шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндіруден бастап омарта шаруашылығы мен шай шығаруға дейін жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының «Нұр» шаруа қожалығының басшысы, «Кедейлікті жою» 1 ОДМ көш­бас­шысы Светлана Маутееваның баяндамасы ірімшік, сүт және ет өндірісін қоса алғанда, жеке ауыл шаруашылығы өнімін өнді­ру тәжірибесіне арналды. С.Мау­теева 200 жұмыс орны бар шаруа қожалығын ашты.

Кезегімен сөз алған «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС сырт­қы байланыстар жөніндегі бас­қару­шысы Әсел Ахметова Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауда­нын­дағы фермерлік жобаның тәжі­ри­бесімен таныстырды. Ком­пания аталған жобаны 2011 жылдан бері қаржыландырып келеді. Жоба шеңберінде көкөніс шаруа­шы­лы­ғында ғылыми және ин­нова­ция­лық тәсілдер енгізілуде, оның ара­сында зиянкестер саны­ның та­биғи реттегіші ретінде пай­да­лы жәндіктерді пайдалану, сон­дай-ақ жылыжайларда тек орга­ни­калық тыңайтқыштарды қол­дану тәсілдері бар. Жоба ар­қылы 150-ге жуық адам мау­сым­­дық кезеңде егістікте жұ­мыс істейді, жылына 180 шаруа кеңес алады, ал жылыжайлар­да өн­дірілетін дақыл көлемі 25 есе ұлғайды. Соңғы 5 жылда 4 365 ауыл тұрғыны оқып шық­қан. Шелек шаруаларының моде­лін Қазақстанның ауыл шаруашы­лы­ғын дамытуда пайдалану жоспарланып отыр.

Ендігі жерде «ОДМ және бизнес» онлайн-алаңы ай сайын жұ­мыс істейді және Zoom-конфе­рен­ция­лар форматында өтеді. Тал­қы­лауға арналған тақырыптар жур­н­а­листермен бірге таңдалады. Әр­бір кездесуде БАҚ өкілдері сұ­рақ қо­йып қана қоймай, спи­кер ретін­де сөз сөйлеуге, талқы­лана­­тын мә­селелердің қандай да бір қыр­лары туралы айтуға, сон­­дай-ақ ке­ле­сі кездесу үшін тақырып­тарды таң­дауға қатысуға мүмкіндік алмақ.

 

АЛМАТЫ