• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2020

Шымкентте Ұлттық теннис орталығын абаттандыру жұмыстары жыл соңында аяқталады 

296 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер "АлемСтрой – 1" ЖШС-і абаттандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанды аралап көрді. Бүгінде демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады.

Мердігер компания басшылары әлеуметтік нысанды жыл соңында пайдалануға беруді жоспарлауда.