26 қазаннан бастап СҚО-да республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полиция қызметінің бөліністері қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарын күшейтті. Учаскелік инспекторлар есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерсе, патрульдік полиция батальоны жол қозғалысы бұзушылықтарын анықтайды. Басты назарда - көлікқұралын масаң күйде басқару фактілерінің жолын кесу.
Жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде облыс полицейлері ішімдік ішіп рөлге отырған 26 жүргізушіні, жылдамдық режімін сақтамаудың 115 фактісін, оның ішінде қарсы бағытқа шығудың 3 жағдайын анықтады. Басқару құқығынан айырылған 14 жүргізуші рөлге отырған. Жалпы 1524 бұзушылық анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысы