• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Туризм 02 Қараша, 2020

Келісім көкжиегі кеңеюде

179 рет
көрсетілді

Өткен аптада бейнекон­ференция арқылы турис­тік қызметтер мен өнім­дерді жылжыту бойынша Қазақ­стан-Литва жұмыс то­бы­ның екінші отырысы өтті. Аталған салалық жұмыс тобы сау­да-экономикалық ынты­мақтастық бойынша Қа­зақстан-Литва үкі­мет­аралық комиссиясының шеңберінде құрылған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің бас­пасөз қызметі хабарлады.

Екінші отырысты жұмыс то­бының тең төрағалары, Литва Республикасының Экономика және инновация вице-министрі Валерия Янкаускайте-Мил­чу­вене және Қазақстан Рес­пуб­­­ликасының Мәдениет жә­не спорт вице-министрі Өр­­кен Бисақаев ашып, алғы сөз­дерімен алмасты және оты­рыс­тың күн тәртібі бойынша өз пікірлерімен қысқаша бөлісті.

Сонымен қатар жұмыс то­бының отырысына тарап­тардың авиациялық билігі, Kazakh Tourism ҰК АҚ, «Атамекен» Ұлт­­тық кәсіпкерлер палатасы өкіл­дері қатысты. Сондай-ақ топ­қа Литва туристік қоғам­дас­ты­ғының 7 өкілі және қазақ­стандық тараптың 38 туристік ассоциациясы мен туристік компаниялары қатысты.

Кездесудің күн тәртібі шеңбе­рінде тараптар өз ел­деріндегі ту­ризмге қысқаша шолу жасар және туризм саласының өзекті мәсе­ле­лерін талқылап, ту­ризм са­ласындағы екіжақты ынты­мақтастықтың перспективаларын, атап айтқанда «Нұр-Сұлтан-Вильнюс» тікелей рейсін қалпына келтіруді, халықаралық имидждік іс-шаралар мен көр­мелерге өзара қатысу, және сонымен бірге COVID-19 коронавирус пандемиясының зардаптарын жеңу үшін туристік секторда тәжірибе және қабылданған іс шаралармен алмасты.

Литва мен Қазақстанның са­лалық қауымдастықтары санаторий, эко, ауылшаруашылық және туризмнің басқа түрле­ріндегі паритетті дамыту бо­йын­ша ын­тымақтастық және серіктестік бағыттары туралы өздерінің көзқарастарын білдірді.

Пікірталастар нәтижесінде Қазақстан мен Литваның ту­ристік секторының өкіл­дері өзара алмасып, ынты­мақ­тас­тықтың жа­ңа көкжиек­терін анықтады. Кез­десу нәтижесінде тараптар осы жұмыс тобын тұ­рақты түрде өт­кізіп тұруға шешім қабылдады, ол туризм ведомстволары мен ту­ристік индустрия өкілдері ара­сындағы байланыстарды ор­натуға және нығайтуға ықпал етеді.