• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Туризм 02 Қараша, 2020

Kazakh Tourism құрамына қосылды

584 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының жобалық кеңсесі құрамына «Көлсай көлдері», «Іле Алатауы», «Алтын Емел», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктерінің өкілдері қосылды.

Осы жылдың басында, яғни 25 қаң­тарда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Kazakh Tourism ұлттық компаниясы жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында Алматы өңірінде туризмді дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрып, оған Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері кірді. Тараптар туристік инфрақұрылым жобаларын дайындау және іске асыру, тау кластерін құру және дамыту үшін күш біріктіруге келісті.

Осыған орай 24 қазанда «Көлсай көлдері», «Іле – Алатау», «Алтын Емел», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» мемле­кеттік ұлттық парктерінің өкілдерін ша­қырумен жобалық кеңсенің кеңей­тілген кеңесі өтіп, онда әрбір парк өкілдерінің кеңсе құрамына кіруі туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Біріккен жобалық кең­се Алматы өңірінде туризмді, оның ішінде экотуризмді дамыту жөніндегі стра­тегиялық органға айналуы мүмкін. Бірыңғай алаң құру туризмді дамыту, оның ішінде экотуризм, ұлттық парк­терді цифрландыру (интернетке қолжетімділігі бар wi-fi аймақтарды ұйым­дастыру, бейнебақылауды, дабыл түймелерін қамтамасыз ету), туристермен, әлеуетті инвесторлармен, ту­рагенттіктермен, жұртшылық өкіл­де­рімен үйлестірілген жұмысты жүргізу, ұлттық парктер үшін – рейнджерлер қыз­­меті, тау туризмі нұсқаушылары, аль­пинизм нұсқаушылары үшін кәсіби кадрлар даярлау бойынша маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

«Экотуризм бүкіл әлемде айтар­лықтай өсу қарқынын көрсетеді, оған туристер тарапынан қызығушылық тек пандемия­ны ескере отырып өсе­ді. Бұл қазіргі жағдайда халықтың ашық кеңістікте, таза ауамен, табиғат құшағында болу қа­жеттілігіне байланысты. Тиісінше, Қа­зақстан ішінде, оның ішінде ұлттық парк­терде туристер ағынының өсуі таяу жылдары сөзсіз», деп атап өтті Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ер­жан Еркінбаев.

«Сондықтан мемлекетке ұлттық парк­терде экотуризмді дамыту үшін жағ­­дай жасау, оның ішінде тиісті ин­фрақұрылым, инвесторлар тарту, жер­гілікті экожүйеге рекреациялық жүк­темені тең бөлу бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру маңызды», деді ол.